Мемлекеттік қызметшілерді қорғаудың бір құралы жұмыс уақытының икемді режимін беру болып табылады. Атап айтқанда, бұл жұмыс берушінің келісімі бойынша қызметкерге жұмыс күнінің басқа тәртібі белгіленуі мүмкін еңбек процесі болып табылады.
Яғни, мемлекеттік қызметшілер мектептен немесе балабақшадан балаларын алу немесе апару кезінде аталған режимді белгілеу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Бұл мүмкіндікті пайдаланған қызметкер де тәулігіне 8 сағат жұмыс жасайды. Бірақ оның түскі ас уақытының қысқаруы және жұмыстың басталу немесе аяқталу уақытының ұлғаюы мүмкін. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің еңбек өнімділігін арттыруына және жеке тұрмыстық жағдайларына оң әсерін тигізері сөзсіз.
Мәселен, 2024 жылы бұл мүмкіндікті 52 мемлекеттік қызметшісі пайдаланды (ЖАО – 36, ОАО — 16).
Жасулан Жаманкулов
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша
департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы
Тағы да
Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі арқылы орналасқан жас маманның пікірі
Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы құмар ойындар
Мемлекеттік органдардағы мүдделер қақтығысы: неліктен оған жол берілмеу керек?