Біз туралы

 

«АҚТӨБЕ МЕДИА» ЖШС Директор  Раукен Сағызбайұлы Отыншин

1960 жылы 27 мамырда Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ноғайты ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1977 жылы Байғанин ауданының «Сағыз» совхозында «Жасұлан-77» комсомол-жастар бригадасында бастаған.

1983 жылы Гурьев педагогикалық институтының тарих факультетін (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті), 2006 жылы Орталық Азия университетінің (Алматы) заң факультетін бітірген.

1983 жылы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Байғанин поселкесіндегі Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған.

1983-1985 жылдары аралығында Кеңес армиясы қатарында Мәскеу әскери округінде жауынгерлік борышын өтеген. 1985-1987 жылдары Байғанин поселкесіндегі Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектебінде директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек еткен.

1988-1996 жылдар аралығында облыстық «Коммунизм жолы» («Ақтөбе») газетінде корректор, жауапты шығарушы, тілші, жауапты хатшының орынбасары және редакцияның жауапты хатшысы  қызметтерінде болды.

Сонымен қатар, «Бекет ата» шығармашылық қорын басқарып, баспа ісімен айналыса жүріп, оның жинақтауымен және редакторлығымен ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрлерді насихаттау бағытында өнер, мәдениет, білім және ғылымға байланысты «Жазушы» және «Арыс» баспаларынан «Алтынды орда қонған жер», «Жадыңда болсын, жас ұрпақ», «Тәрбие деген тәңір бар», «Ғибратты ғұмыр», «Ұрпағым мұны білсін деп…», «Алтын жұлдыздың жарығы», «Өлкенің өнер күмбезі», «Өмір өткелдері», т.б. кітаптардың жарыққа шығуына ұйытқы болды.

Ол — Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, білім саласының үздігі, Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтының құрметті профессоры.

2011-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Алғыс хатымен, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен және «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, «Астанаға 20 жыл» мерекелік медальдарымен, Ақтөбе облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапатталған.

1997-1998 жылдары — Халықаралық «Түркістан» газетінің Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы аймақтық тілшісі, 1999-2000 жылдары — аймақтық ақпараттық-сараптамалық «Экономика-Бизнес» газетінің бас редакторы, 2000-2001 жылдары аралығында апталық «Жаңа ғасыр – Новый век» газетінің бас редакторы, 2001-2002 жылдары «Отандастар-Полиграфия» баспаханасында бөлім бастығы, директордың орынбасары, 2002-2007 жылдары Атырау облысындағы «Атырау-Ақпарат» коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорны баспаханасының директоры қызметінде болды.

2007 жылан 2017 жылға дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры лауазымында қызмет атқарған.

2017 жылдың қаңтардан айынан «Ақтөбе Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Бұл медиа холдинг облыстық қоғамдық-саяси «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерін, олардың сайттарын, сондай-ақ «Үш таған» журналын біріктіреді.

Раукен Сағызбайұлы ұзақ жылғы еңбек жолы кезеңінде өзінің бай өндірістік және өмірлік тәжірибесін қызметтегі әріптестеріне және жас мамандарға, баспа және электронды БАҚ журналистеріне, телеарна қызметкерлеріне бере білді. Журналист кадрларын тәрбиелеу ісіне тұрақты көңіл бөліп отырады.

Ол облыстың рухани, мәдени, ақпарат-баспа саласының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан танымал тұлға, баспагер журналист.


«Ақтөбе Медиа» ЖШС директорының орынбасары  Айгүл Маратқызы Нұркеева

1981 жылы Қобда ауданы Ново-Алексеевка ауылында (қазіргі Қобда ауылы) дүниеге келген. Білімі жоғары, ғылыми дәрежесі — өнер магистрі.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінiң филология (1998-2002) және заң (2002-2005) факультеттерін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы «Актюбинский вестник» облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі болып бастаған. 2005 жылы сол басылымның ақпарат бөлімінің меңгерушісі болды. 2008 жылы «Актюбинский вестник» облыстық қоғамдық-саяси газетінің редакторы болып тағайындалды. 2022 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Ақтөбе Медиа» ЖШС директорының орынбасары.

«Ақтөбе облысының жыл адамы-2010» атағына ие.

2011 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

«Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2017 жылы Ньюкасл университетінің (Ұлыбритания) магистратурасын «Медиа және журналистика» мамандығы бойынша бітірді (үздік диплом).


«АҚТӨБЕ МЕДИА» ақпараттық-талдау агенттігінің жауапты хатшысы Мұратбек Санақұлы Ержақыпов

  1981 жылы 28 маусымда Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы №23 орыс мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған.

2002 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің филология факультетін, 2007 жылы Батыс Қазақстан «Еуразия» тілдер және менеджмент институтының «Экономика» факультетін, 2009 жылы Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің филология факультетінің магистратурасын бітірген. 2013 жылы Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласындағы И.Арабаев атындағы мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітіріп, Қырғыз Республикасы педагогика ғылымдарының кандидаты атанған.

2004-2013 жылдары Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агарлық-техникалық университетінің «Заңғар» апталық газетінің Бас редакторы, Тәрбие жұмысы және жастар ісі жөніндегі проректоры орынбасары, «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасында қазақ тілі оқытушысы, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы қызметтерін атқарған.

Ол — Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қазақ шешендік өнері саласы бойынша 20-дан астам ғылыми мақалалары халықаралық, республикалық, облыстық конференцияларда, ғылыми басылымдарда жарық көрген. Сонымен қатар, «Аманат», «Өсиет әңгімелер», «Сағындым ана өзіңді», «Сағындым әке өзіңді» атты жеке кітаптары бар.

2008-2013 жылдар аралығында БҚО ішкі саясат басқармасының жанындағы облыстық жастар мәслихатының депутаты болған.

2011-2013 жылдары университет жанындағы «Нұр Отан» ХДП «Айбын» БПҰ төрағасы және «Нұр Отан» ХДП БҚОФ Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі болған.

2013 жылы Ақтөбе қалалық білім бөлімі жанындағы «Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталық» директорының орынбасары, 2014 жылғы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Талдау, мониторинг және интернет ресурстармен жұмыс бөлімінің бас инспекторы, 2015 жылы Қызылорда облыстық мәслихатының Бас инспектор-референті, 2015-2017 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің инспекторы, Қызылорда облыстық ішкі саясат  басқармасы жанындағы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ директоры, «Болашақ» университетінің «Мұнай, құрылыс және жаратылыстану» факультетінің деканы қызметтерін атқарған.

2017 жылы «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының консультанты, 2018-2022 жылдары Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.

2011-2022 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен, 2019 жылы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хатымен, «БҚО Жастар қауымдастығы» ЗТБ 10 жылдық мерейтойлық медалімен, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ «Университет үздігі» мерейтойлық төсбелгісімен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы А.Жайылғанованың, ҚР Білім және ғылым министрі А.Б.Сәрінжіповтің, ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.Н.Сарыбековтің және Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалиннің, Е.Тоқжановтың Алғыс хаттарымен марапатталған.

2022 жылдың желтоқсан айынан «Ақтөбе Медиа» ЖШС «Ақтөбе» облыстық газетінің жауапты хатшысы, «Aktobemedia.kz» ақпараттық агенттігінің техникалық редакторы.


 «АҚТӨБЕ МЕДИА» ақпараттық-талдау агенттігінің тілшісі Кәмшат Сексенбайқызы Қопаева

 1984 жылы 9 тамызда Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тұмалыкөл ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2006 жылы қалалық «Нұрдәулет», кейін «Керек инфо» газетінің тілшісі қызметінен бастаған.

2001-2006 жылдары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде филология факультеті журналистика мамандығы бойынша білім алған.

2008-2021 жылдар аралығында  Ақтөбе облыстық қоғамдық-саяси газетінде тілші, 2001-2022 жылдары республикалық «Экспресс-К» ақпараттық порталының Ақтөбе облысындағы тілшісі болды.

2023 жылдан бастан «Aktobemedia.kz» ақпараттық агенттігінің тілшісі.

ҚР Журналистер Одағының мүшесі. Республикалық «Алтын қалам» байқауының жеңімпазы.

Ақтөбе қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.


«АҚТӨБЕ МЕДИА» ақпараттық-талдау агенттігінің инженері  Аян Аманғалиұлы Мерекешов

1991 жылы 18 қазанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

2007-2011 жылдары Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінде «Байланыс желілері және коммутациялық жүйелер» мамандығын бітірген.

2014-2018 жылдар аралығында Орал қаласындағы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін бітірген.

2011-2021 жылдары «Қазақстан Ақтөбе» РТРК АОФ-да теледидар жабдықтары және жөндеу инженері болған. Қазіргі уақытта «Ақтөбе Медиа» ЖШС IT инженері.  2022 жылдан бастап қосымша «Ақтөбе» «Облыстық футбол клубы» АҚ дыбыс операторы болып қызмет атқарады.

2020 жылы «Қазақстан телерадио корпорациясы» Құрмет грамотасымен марапатталған.