«Өзгеге өмір сыйла» акциясы өтті

Еріктілер кеңесінің ұйымдастыруымен 18 ақпанда «Өзгеге өмір сыйла» акциясы өтті.
Іс-шараға облыстың әкім аппараты мен 13 басқармасының, 5 аумақтық департаменттің және тексеру комиссиясының қызметшілері қан орталығына барып, қан тапсырды.
Акцияға қатысқан облыс әкімінің аппараты, ветеринария, ішкі саясат, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, денсаулық сақтау, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, білім, мемлекеттік сатып алулар, дін істері, тілдерді дамыту, кәсіпкерлік, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, дене шынықтыру және спорт басқармалары, медициналық және фармацевтикалық бақылау, техникалық реттеу және метрология, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, экологиялық реттеу және бақылау департаменттері, тексеру комиссиясы қызметкерлеріне  алғыс білдіреміз.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша

департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Аян Нуримов