Департаменттің бас маманы Т.Нугуметов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметке кір келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеу және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау қажеттігі, Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттары, мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, оны қалпына келтіру бойынша атқарылған жұмыстар айтылды.
Бұған қоса, қоғам тарапынан сынға жол бермеу, құмар ойындарға тәуелділікті болдырмау, жұмыс уақыты режимін сақтау қажеттігі туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің тарапынан қойылған сұрақтарына жауап берілді.
#мемлекеттікқызмет
#госслужба
#АДГС
#МҚІА
Тағы да
Мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді
“Бірыңғай кадр жүйесін” енгізу бойынша семинар-кеңес өткізілді
Ақтөбе газетінің бүгінгі жаңалықтары