Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары

 

«Ақтөбе Медиа» ЖШС директорының 2025 жылғы 04 ақпандағы  №  12/2 ө  бұйрығымен бекітілген.                 

Іс-шараның атауы   Орындау мер                зімі   Аяқтау нысаны   Жауапты орындаушылар                                  
1. 2025 жылға арналған «Ақтөбе Медиа» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасақтау және оның бекітілуін бақылау. 2025 жылғы қаңтар-ақпан айлары Бұйрықтың бекітілуі Директор  орынбасары, жұмыс тобы жетекшісі- А.Нуркеева, комплаенс офицер Е.Кериков
2. «Ақтөбе Медиа» ЖШС қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шкі талдау жұмыстарын жүзеге асыру Тұрақты түрде 2025 жылғы 04 ақпандағы   №  12/1 ө бұйрығы

 

Директор  орынбасары, жұмыс тобы жетекшісі- А.Нуркеева, комплаенс офицер Е.Кериков
3. «Ақтөбе Медиа» ЖШС қызметінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын зерделеу және ішкі талдау жұмыстарының жүргізілуін бақылау. Тұрақты түрде 2025 жылғы 04 ақпандағы   №  12/1 ө бұйрығы

 

Директор  орынбасары, жұмыс тобы жетекшісі- А.Нуркеева, комплаенсофицері Е.Кериков
4. Серіктестіктің қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндірме жұмыстарынын жүргізуін бақылау. 2025 жылғы 1 тоқсан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында 2025  жылы               30 қаңтарда ұйымдастырылған дөңгелек үстелдің  Хаттамасы Комплаенс офицер Е.Кериков
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтау мәселелері бойынша қызметкерлер үшін түсіндіру және оқыту іс-шараларын жүргізу

 

Тоқсан сайын Онлайн, офлайн, семинарлар, басқа органдармен және азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп пікірталас алаңдары Комплаенс офицер Е.Кериков
6. Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын Еңбек кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес келтіру

 

Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарына өзгерістер және /немесе толықтырулар енгізу 2025  жылғы III  тоқсан Жауапты  құрылымдық бөлімшелердің басшылары, персоналмен жұмыс істеу маманы
7. Серіктестікте комплаенс-офицері қызметтін регламенттейтін ішкі нормативтік  құжаттардың болуын қамтамасыз ету (сыбайлас жемқорлық бойынша нормативтік – құқықтық актіге өзгерістер енгізу кезінде тұрақты өзектендіру). Тұрақты түрде Өзектендірілген ішкі нормативтік құжаттама Комплаенс офицері Е.Кериков
8. Барлық бөлімшелерді қамти отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жыл сайын ішкі талдау жүргізу. 1 жылда бір рет және ағымдағы жылдың 4 тоқсанынан кешіктірмей Талдамалық анықтама Жұмыс тобы,  комплаенс офицері Е.Кериков
9. Лауазымды адамдардың сыбайлас жемқорлыққа шектеулерді жазбаша түрде қабылдауын қамтамасыз ету. Тұрақты түрде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау туралы келісім Жеке құрам жөніндегі менеджер
10. Қызметкерлердің жұмысқа қабылдау кезінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан республикасының Заңына сәйкес жақын туыстарының, жұбайларының  немесе  жекжаттарының  бірлескен  қызметіне (жұмысына) жол бермеуді жүзеге асыру. Тұрақты түрде Мүдделер қақтығысын анықтау және жою деректері туралы анықтама (анықталған жағдайда) Жауапты  құрылымдық бөлімшелердің басшылары, жеке құрам жөніндегі менеджер
11. Мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу жөніндегі саясатқа сәйкес мүдделер қақтығысын анықтау және жою мақсатында қызметкерлердің қызметіне мониторинг жүргізу Жыл ішінде Мүдделер қақтығысын анықтау және жою деректері туралы анықтама (анықталған жағдайда) Жауапты  құрылымдық бөлімшелердің басшылары, жеке құрам жөніндегі менеджер
12. Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде заңдылық пен ашықтықтың сақталуын қамтамасыз ету. Тұрақты түрде Мемлекеттік сатып алу веб-порталында сатып алу рәсімдерін өткізу Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі менеджер
13. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша форумдарға/конференцияларға/вебинарларға  қатысу Жыл ішінде Сертификаттар, куәліктер (онлайн/офлайн) Комплаенс офицер Е.Кериков
14. Лауазымды адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді жазбаша түрде қабылдауын қамтамасыз ету 2025 жылғы III тоқсан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау туралы келісім жеке құрам жөніндегі менеджер
15. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін  жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасау (бұзушылықтар анықталған жағдайда).    Талдау нәтижелері  ұсынылғаннан кейін 5 жұмыс күннің ішінде. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндагі бекітілген іс-шаралар жоспары Жұмыс тобы , комплаенс-офицер Е.Кериков
16. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері  бойынша ұсынымдарды орындау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін орналастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарындағы деректерге сәйкес Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жоспардың орындалуы бойынша есеп Жұмыс тобы, жоспарға сәйкес жауапты құрылымдық бөлімшелердің  басшылары,
17. Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар фактісі бойынша Серіктестікке келіп түскен шағымдар мен өтініштердің уақытылы тіркелуіне бақылау жүргізу. Тұрақты түрде Өтінішті тіркеу журналы Офис- менеджер
18. Серіктестің қызметкерлері жіберген бұзушылықтарды қарастыра отырып, бақылаушы органдарды тексеру нәтижелерін талқылау Хаттама Тексеру нәтижелелері бойынша Жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары,  комплаенс  офицер Е.Кериков
19. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға  қатысты негізгі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша ақпарат беру. Тоқсанына 1 рет Есеп Серіктестік басшылығы, жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары,  комплаенс  офицер Е.Кериков
20. Ұйымдағы сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар туралы уәкілетті органды хабардар ету. Анықтығына байланысты Анықтама Комплаенс  офицер Е.Кериков
21. Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар туралы уәкілетті органды хабардар ету Жыл ішінде Сыбайлас жемқорлық деректері туралы анықтама (анықталған жағдайда) Комплаенс  офицер Е.Кериков