Бүгін қала және аудан әкімі аппаратының басшыларымен, мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметінің басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдермен «Өңірдегі мемлекеттік қызметтің барысы туралы» Департамент басшысы Айбек Шілмановтың төрағалығымен жиналыс өтті. ✅Сонымен қатар, жиналысқа аудан әкімі аппараттарының мамандары видео-конференц байланысы арқылы қатысты.
Кездесу барысында өңірдегі мемлекеттік қызметтің жай-күйі және практика барысында кездесетін мәселелі сұрақтар талқыланды.
✅Бүгінгі күні облыста 3877 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді, бос орындар саны – 148 бірлікті құрап отыр. Штаттың жасақталуы – 95,6%.
✅Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі — 57,5%.
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет жүйесінен кету деңгейі 1,2%-ды құрады.
✅Мемлекеттік қызметшілердің 92,3%-ы жоғары білімге ие және мемлекеттік органдарда «Болашақ» бағдарламасының 5, Академияның 21 түлегі жұмыс жасайды.
Жастарды мемлекеттік қызметке тарту аясында былтыр өңірлік кадр резервіне 25 кандидат іріктелді және олардың 9-ы жоғары және тең лауазымдарға орналастырылды.
✅Сонымен қатар, Президенттің тапсырмасына сәйкес қолданысқа енгізілген өзгерістерге сәйкес тағы заңнамада мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуын GPA 3,33-тен төмен емес нәтижемен аяқтаған 43 түлектің құжаты қарастырылып, аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға орналастырылды және Академияның 2 түлегі осы бағдарлама бойынша жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды.
✅Департамент тарапынан алынып жатырған шаралардың нәтижесінде мемлекеттік органдардағы бос орындардың саны 2 есеге дейін қысқарып, 57 бірлікті құрап отыр.
Тағы да
Ақтөбе облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының Процессинг орталығында семинар өткізілді
Ақтөбе облысы полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасында семинар өткізілді
Ақтөбе қаласының №6 емханасында семинар өткізілді