Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері қызметінің басым бағыттарының бірі.
Әсіресе, мемлекеттік қызметтер алу кезінде олардың сапалы әрі уақытылы көрсетілуі, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге айрықша мән беріледі.
Осылайша, шетелдік азамат Н. Ақтөбе облысы аумағында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №992 бұйрығымен бекітілген «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметіне «EGov Mobile» мобильдік қосымшасы арқылы өтініш жолдаған. Қызметті рәсімдеу барысында қызметті көрсетуші орган – Ақтөбе облысы полиция департаментінің Көші-қон басқармасымен қағидалардың талаптары бұзылып, көрсетілетін қызмет мерзімін кешіктіру фактісі орын алған.
Шетелдік азамат Н. орын алған бұзушылыққа байланысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Telegram әлеуметтік желісіндегі «EgovKzBot» арқылы шағым түсірген.
Шағымды қарау шеңберінде Департамент Көші-қон қызметі басқармасына тиісті сұрау жолдап, нәтижесінде техникалық ақау салдарынан азаматтың өтініші ақпараттық жүйеде тіркелмегені анықталды.
Мәселені шешу мақсатында Департамент мамандары шетелдік азамат Н.-мен жеке байланысып, жағдайдың мән-жайын түсіндіріп, өтінішті қайта жолдауды ұсынды. Қайта берілген өтініштің уақытылы және кедергісіз орындалуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтің барлық бизнес-процестері Департамент тарапынан толық бақылауға алынды.
Жүргізілген шаралардың нәтижесінде шетелдік азамат Н. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру» бойынша мемлекеттік қызметтің оң нәтижесін бекітілген мерзімде алып, құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, егер Сіз негізсіз бас тарту, артық құжаттарды талап ету, мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің бұзылуы немесе жауап беру мерзімдерінің сақталмауы сияқты жағдайларға тап болсаңыз, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40 мекенжайы бойынша орналасқан Департаментке немесе 55-09-69, 54-54-58 байланыс нөмірлері және онлайн – форматта Telegram әлеуметтік желісіндегі «EgovKzBot» арқылы жүгінуіңізге болатынын хабарлаймыз.

Тағы да
Жергілікті мемлекеттік органдардың аппарат басшылары және кадр қызметкерлерімен семинар өткізілді
Мәртөк ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен семинар өткізілді
Департаментпен Қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді