Ынтымақтастық ұлғая түсті

Ақтөбе қаласындағы №7 қалалық емхана ұжымы Наурыз мейрамын дүркіретіп тойлады. Емхана бөлімдері он екі ауылға бөлініп, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін насихаттап, ұлттар арасындағы татулықты көрсетіп, дастарқан жайып, қонақтарға наурызкөжеден дәм татқызды.

«Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин осы мекеменің басшысы Нұрлан Қожинге мекемелер арасындағы шығармашылық байланыс үшін Алғыс хат тапсырды. Облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшісі Талғат Тілеулесов Қыдыр ата болып киініп, бата беріп, көшіліктің ықыласына бөленді. Серіктестік  қызметкері Азамат Жалмағанбетов әнмен әрлеп, мерекенің көркін аша түсті. Емхана басшысы Нұрлан Қожин қонақтарға риясыз алғыс білдіріп, бұл ұжымда «Ақтөбе» мен «Актюбинсий вестник» газеттерінің оқырманы көп екенін жеткізді.

Емхана ұжымы су тасқынынан зардап шегіп отырған аудандарға да көмек қолын созып жатыр екен. Қысылғанның кәдесіне жарасын деп арнайы қорға қомақты қаражат аударыпты.

Өз тілшіміз