Облыс әкімі Асхат Шахаров «Recycle Menegment Company» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Егор Зингермен кездесті.
Кездесу барысында өңірде қоқыс өңдейтін кешен салу мәселесі талқыланды. Инвестор Ақтөбенің қоқыс полигонында жүзеге асыруға болатын кешен жобасын ұсынды.
«Recycle Menegment Company» ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдаудан бастап, одан картон, пластмасса және тағы да басқа өнім алу, өңдеу, жылу және электр энергиясын өндіру жұмыстарымен айналысады. Компания жалпы қуаттылығы жылына 1 млн тоннадан асатын ірі қоқыс өңдеу кешендерін іске қосқан.
Өңір басшысы өз кезегінде қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесі әлем елдерінде бар проблема екенін, оны тек қоқыс өңдеу кешендерін салу арқылы шешуге болатынын алға тартты. Ақтөбеде жыл сайын халық саны өсуде, бұл сәйкесінше қоқыс көлемінің көбеюіне де әкеледі.
Асхат Шахаров қала әкімдігі, экология департаменті және салалық басқарма басшыларына инвестор ұсынған жоба бойынша арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды.
Д. Айдар
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті