Нысан 2019 жылдың соңында пайдалануға берілуі керек еді. Алайда, мердігер ұйым өзін банкрот деп жариялауына байланысты құрылысқа қатысты шарт бұзылды.
Былтыр нысанның жобалау-сметалық құжаттамасына, оның ішінде құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты түзетулер енгізілген. Түзетуден кейін объектінің жалпы сметалық құны 1,3 млрд теңгені құрады. Қазіргі уақытта нысан 95%-ға дайын.
Мектеп 2023 жылдың желтоқсанында халық игілігіне беріледі.
Мердігер компанияның есебін тыңдаған облыс басшысы құрылыстың қалған 5%-ын сапалы жасауды, нысанды уақытында уәкілетті орган иелегіне тапсыруды міндеттеді.
Жаңа білім ордасында №5 мектеп-лицейдің оқушылары оқиды. Директор Әлия Әбіғапарованың сөзінше, оқушылар тезірек жаңа ғимараттың пайдалануға берілгенін күтіп жүр. Өйткені, 320 орындық мектепте барлық жағдай жасалады. Бастысы спорт залы, футбол алаңы бар.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті