Алға ауданына жұмыс сапарымен барған өңір басшысы Асхат Шахаровқа Бестамақ ауылындағы балабақша мен орта мектептің тыныс-тіршілігі таныстырылды.
2007 жылы ашылған балабақшаның ғимараты 1974 жылғы. Газ, су, жарығы тартылған, кәріз жүйесі орнатылғанымен ескірген. Мекемеде қазіргі таңда 145 бала тәрбиеленуде. Материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша мемлекеттік сатып алулар конкурсы жарияланған. Бүлдіршіндердің көрпе-төсегін көрген облыс әкімі сапалы жабдықтар сатып алу міндетін жүктеді.
«Ауылда мәдениет үйі, мектеп бар. Тек мына балабақшаның сыртын қаптап, ауласын абаттандыру керек», — деген Бестамақ ауылының тұрғыны Аманжол Ахметов облыс әкіміне бұл мәселені шешуге көмектесуді сұрады.
Облыс әкімі ақсақалдың ұсынысын қолдап, мемлекеттік органдарға әлеуметтік нысанға күрделі жөндеу, абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін жоба әзірлеу керектігін тілге тиек етті.
Бестамақ орта мектебінің пайдалануға берілгеніне — 48 жыл. Мектептің жылыту жүйесі толықтай газ қазандықтарына ауыстырылған. 2016 жылы есік, терезе және едендері күрделі жөңдеуден өткен. Аудан әкімдігі мектеп ауласын демеушілер көмегімен абаттандыруды көздеп отыр.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті