Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Көлік министрі Марат Кәрімжанұлы Ақтөбе және Қандыағаш қалаларының теміржол вокзалдарына барып, жұмыс барысын бағамдап қайтты.
Ақтөбе және Қандыағаш стансаларының вокзалдары 1976 және 1984 жылдары салынып, 2013 жылы күрделі жөндеуден өткен. Бүгінгі таңда халықаралық транзиттік жолаушылар пойыздарын қоса алғанда, аталған екі вокзал арқылы 18 бағыт бойынша пойыздар қатынайды.
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бұл теміржол бекеттерінің қаржылық көрсеткіштері көңіл көншітпейді. Осыған байланысты Ақтөбе облысындағы көлік инфрақұрылымының әлеуметтік маңызды объектілерін дамыту жоспарлары мен жолаушылар сервисін жақсарту мәселелері талқыланды.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті