Баршаңызды ұлттық мереке — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл күнді халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке деп атады. «Біз Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана осы игі мақсатқа қол жеткізе аламыз. Себебі мемлекеттің тірегі де, басты байлығы да – азаматтар», — деді ел Президенті.
Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданғаннан бастап еліміздің егемендігі нығайып, халықаралық деңгейдегі беделі артты. Қазақстан Республикасы — шет мемлекеттермен тиімді ынтымақтастық орнатқан мемлекет, әлемдік қоғамдастықтың беделді мүшесі. Біз осы жылдар ішінде демократиялық, құқықтық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құрдық.
Қазақстан елді жаңғыртудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Бүгінде елімізде ауқымды саяси және экономикалық реформалар жүргізілуде. Барлық өзгерістердің табысты іске асырылуы әрбір қазақстандықтың нақты іс-әрекетіне байланысты деген ұстанымға берік Ақтөбе облысының тұрғындары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді. Өңірде әлеуметтік нысандар, зәулім үйлер бой көтеріп, жаңа жолдар салынып, өндіріс орындары ашылып жатыр. Өткен отыз үш жылда Ақтөбе облысы ірі өнеркәсіптік аймаққа, елдің батыс өңірінің мәдени, білім және ғылыми орталығына айналды. Қоғамдағы татулық пен ұлтаралық келісім — біздің басты құндылығымыз, жетістікке жетудің негізгі факторы.
Құрметті жерлестер!
Еңбек етіп, жұмыс істегенде ғана әрі қарай алға жылжу болады. Көздеген мақсаттарға елдегі бірлік пен келісімді сақтай отырып қол жеткізе аламыз.
Ұлттық мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бақыт, амандық және ашық аспан, бейбіт күн тілеймін!
Біздің ортақ Отанымыз — Қазақстан Республикасы қарыштап дамып, Тәуелсіздігіміз нығайып, көркейе берсін!
Асхат ШАХАРОВ,
Ақтөбе облысының әкімі.
Тағы да
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті
Ақтөбе облысындағы нысандар құрылысы бейнебақылау камераларымен қадағаланады