Облыс әкімі Асхат Шахаров «Арманда» халықаралық бизнес-форумын өткізу үшін Ақтөбеге келген танымал медиаменеджер Арман Давлетяров және Қазақстанның еркін күрес шебері Ислам Байрамуковпен кездесті.
Кездесуде бүгінгі форум аясында талқыланатын тақырыптар, оның ішінде отбасы құндылығын сақтау, жастардың рухани және әлеуметтік дамуы, тұлғалық даму мәселелері туралы айтылды.
«Ақтөбе өңіріне қош келдіңіздер. Алғысымды білдіремін. Қоғамда толеранттылықты қалыптастыру — бірліктің кепілі. Ал көпвекторлы саясат — егемендіктің көрінісі. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та айтып келеді. Сондықтан ел арасында қоғамдық пікір туғыза алатын Сіздердей азаматтардың болғанына қуаныштымыз. «Арманда» форумынан ақтөбеліктер қажет білімді алады деген сенімдемін», — деді Асхат Шахаров.
Форум Қазақстанның барлыш жерінде өткізіліп келеді. Оған танымал қазақстандық сарапшылар қатысуда. Арман Давлетияров бұл жиынның қоғамға, әсіресе жастарға берері мол деп есептейді.
Ал еліміздің спорты туралы сөз қозғаған қазақстандық танымал еркін күресшісі, XXVII жазғы Олимпиялық ойындарының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков соңғы кезде жастардың спортпен шұғылданушылар қатары артқаны қуантады деді.
Кездесу соңында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Арман Давлетияровтың «Әкімге үш сұрақ» деген блиц сауалнамасына жауап берді.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті