▪️KazFeltec ЖШС басшысы Ерлан Жаңабергенов Мемлекет басшысына қой жүнінен экологиялық таза әрі жылу сақтайтын материалдар шығаратын зауытты іске қосу жобасын таныстырды. Нысанға жалпы көлемі 5,3 миллиард теңге инвестиция салу көзделіп отыр.
▪️AqtobeCem компаниясының бас директоры Станислав Щербаков Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтөбе облысында жалпы сомасы 70 миллиард теңге болатын цемент клинкер өндіретін зауыттың жобасын ұсынды.
▪️«ҚазақБитум» компаниясының бақылаушы кеңесінің төрағасы Бекжан Мамыт Президентке сомасы 32,2 миллиард теңгені құрайтын битум зауыты-терминалын салу жобасы туралы айтты.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы кәсіпкерлердің қолға алған жобаларының табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдірді.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті