Өңір басшысы «AMANAT» партиясының орталығына кітап сыйлады

Бүгін облыста алғаш рет «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының
I өңірлік форумы өтуде.

Маңызды шараға қатысқан облыс әкімі Асхат Шахаров «Кітап-AMANAT» партиялық жобасы аясында ашылған кітап орталығының жұмысымен танысты.

Өңір басшысы орталыққа Абайдың қара сөздерін, Сейдахмет Құттықадам және Тайыр Мансұровтың кітаптарын сыйға тартты.

«Кітап-AMANAT» жобасы азаматтардың отандық әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға, қазақстандық авторлар мен кітап шығарушыларды қолдауға бағытталған. Орталық қорында әртүрлі авторлардың 600-ден аса жаңа кітабы бар. Жоба ұйымдастырушылары сұранысқа сәйкес, әдебиеттер жаңартылатынын айтты.

Д. АЙДАР