Облыс әкімі Есет батыр тұрғын алабындағы апатты деп танылған үйлердің тұрғындарымен кездесті

Облыс әкімі Асхат Шахаров Есет батыр тұрғын алабындағы №39 және №40 апатты үйлердің тұрғындарымен кездесті. Естеріңізге сала кетейік, бұл үйлерде тұрған барлық 48 пәтердің тұрғындары уақытша тұрғын үйге көшірілді.

Бұған дейін, 13 желтоқсанда өткен азаматтарды қабылдау күнінде осы үйдің тұрғындарынан құралған бастамашыл топ облыс әкімімен кездесуге шақырылған еді. Сол кезде олар «пәтерлер уақытылы берілсе, іші толықтай жөнделсе» деген тілегін білдірген.

Бүгін Асхат Шахаров бастамашыл топпен қайта кездесті. Кездесу барысында «Нұрлы жер» бағдарламасымен бой көтерген №51 үйдің құрылыс барысын бағамдады. 48 пәтерді осы жаңа тұрғын үйден беру жоспарланып отыр. Тұрғындармен бірге облыс әкімі пәтерлердің бөлмеішілік әрлеу жұмыстарымен танысты.

Тұрғын үй құрылысына жауапты мердігер компания демеушілік танытып, азаматтардың талап-тілегін орындайды. Қазіргі таңда құрылыс қарқынды, бөлмеішілік әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Үй 2024 жылдың ақпан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Планируется, что дом будет готов к эксплуатации в феврале 2024 года.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.