Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кие. Шартараптағы қай халық үшін де Тәуелсіздіктен биік, Тәуелсіздіктен асқан ұлы мұрат жоқ. Еліміздің Тәуелсіздігі – ежелден ұлт аңсаған еркіндік, ата-бабалардың төгілген қанымен, рухымен жеткен, ащы терімен келген тәтті жеңіс.
Тарихи жолды жүріп өткен қазақ халқы ел болуды, бірігуді армандады. Ол осыдан 32 жыл бұрын жүзеге асты. Тарихта тәуелсіз Қазақстан мемлекеті қалыптасты. Бүгінде тәуелсіз Қазақстан Республикасы – шекарасы шегенделген, ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астында тату-тәтті тұратын, Орта Азияның ғана емес, бүкіл әлем елдеріне ортақ мәселелерді талқылап, шешуде ықпалды рөл атқаратын беделді елге айналды.
Тәуелсіздік – біз үшін, ұрпақ үшін теңдесі жоқ бақыт, ата-баба аманаты.
Біздің бүгінгі күні жеткен жетістіктеріміздің бәрі де Тәуелсіздіктің арқасында. Сондықтан бейбіт күннің қадірін біліп, еліміздің Әнұранын асқақтатып, көк Туын желбіретіп, Елтаңбасын тұмардай қасиет тұтып, Әділетті Қазақстан құру ісіне белсене атсалысып, ортақ Отанымыздың дамуына өз үлесімізді қосуымыз қажет.
Қымбатты достар!
Баршаңызды Тәуелсіздік күні – мерейлі мерекемен құттықтаймын! Әр шаңыраққа шаттық, бақ-береке тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды, еліміз еңселі болсын!
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті