Ақтөбеде Жаңа жыл мерекесі «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы алаңында тойланды. Мұнда қаланың бас шыршасы орнатылған.
Облыс әкімі Асхат Шахаров ақтөбеліктерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Қала тұрғындары мен қонақтарына бейбіт өмір мен жақсылықтар тіледі. Ұлу жылында атқарылар жұмыстарды тілге тиек етті.
Мерекелік шараға жиналған халықтың қарасы көп болды. Қолайсыз ауа райына қарамастан, шат-шадыман көңіл-күймен Жаңа жылды қарсы алды.
Стелла алаңында орнатылған сахнада ақтөбелік өнерпаздар ән айтып, би биледі. Мультфильм кейіпкерлері халықпен бірге Қоян жылын шығарып салып, Ұлу жылын қарсы алды.
Мерекелік отшашу шараға сән берді.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті