Телеграм арнасындағы «Конец Актобе» парақшасында Ақтөбе мектептерін дүрліктіретін хабарлама тарады.
Мұнда белгісіз біреу қала мектептерінде террорлық акт жасайтынын айтып, тапаншаның фотосы мен видеосын жүктеді. Тіпті біраз мектепті атап өтіп, алғашқы тізімге №21 гимназия мен №27 лицей алынғанын хабарлап, фотосымен бірге жариялапты. Мұндай хабарламаны көрген ата-аналар өздерінің чаттарында бүгін балаларын мектептен ертерек алуға асығып жатқандарын, ертең сабаққа жібермейтіндерін айтып жатыр.
Бұл жайтқа қатысты Ақтөбе қалалық полиция басқармасының басшысы Әсет Қалиев тұрғындарға жедел хабарлама жасады.
— Осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге ерекше назар аударылды. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз, — деді Әсет Қалиев.
Өз тілшіміз.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті