Ақтөбе мен Хромтау арасына қатынайтын Yutong маркалы 5 автобус алдағы аптада жолаушыларға қызмет көрсетуді бастайды.
2022 жылы шығарылған көліктің бұл түрі 50 орынға шақталған. GPS құрылғы орнатылған, бейнебақылау камералары, жылыту-салқындату құрылғыларымен жабдықталған.
«Былтыр «Ақтөбе-Хромтау» бағытында қызмет көрсететін автобустардың жай-күйіне қатысты халық тарапынан шағымдар айтылды. Жолаушылар тасымалымен айналысқан сол кездегі мекеменің оған қауқары жетпеді. Өзекті мәселені шешу үшін облыс әкімімен ақылдаса отырып, Qala Trans мекемесіне мүмкіндік беріп, оларға көлік қатынасын реттеу туралы міндет қойылды. 2023 жылдың 7 тамызында кәсіпорын уақытша 5 автобус әкеліп, жолға шығарды. Енді міне, жаңа автобустар келді», – деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр.
Бүгін өңір басшысы Асхат Шахаров жаңа автобустардың техникалық жабдықталуын, жағдайын қарап шықты. Сондай-ақ, автобустардың тұрағы, оларды күтіп-ұстайтын бекетті көріп, көлік жүргізушілерін медициналық тексерістен өткізетін құрылғылармен танысты. Облыс әкімі тапсырмасымен көлік қатынасын дамыту, жолаушылар көліктерін жаңарту жұмыстар күшейтіледі.
Ақтөбе облысында қаладан кейбір аудандарға қатынау үшін 10 бағыт іске қосылған. Жолаушылар тасымалдауға жауапты мекемелер 3 жылда көліктерін жаңартып отыру керек. Биылғы жылдың қаңтар айында «Ақтөбе-Қобда» және «Ақтөбе-Родниковка» арасына жаңа 4 шағын автобус шығарылды. Жақын күндері Ақтөбеден Маржанбұлаққа, Сарыжарға және Байғанинге дейінгі бағыттар бойынша автобустар жаңарады.
Д.АЙДАР.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті