Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында ауа райының қолайсыздығынан туындаған электр жарығының сөнуіне қатысты жазба қалдырды.
Ол қазіргі уақытта апаттық жағдай бойынша қалпына келтіру жұмыстарын арнайы мамандар күшейтілген режімде жасап жатқанын жазған.
«Қала бойынша 15 бригада жарық сөнген жерлерге жұмылдырылды. Қажетті техникалар мен көліктер бар. Облыс бойынша электр қуатынсыз қалған аудандардағы кейбір ауылдарда да жұмыстар жасалуда. 20 авариялық бригада мен 70-ке жуық техника тартылды. Кей елді мекендерде қуат көзі қалыпқа келтірілді»,
— деген өңір басшысы бұл мәселе жеке бақылауында екенін айтып өткен.
❗️ Облыс әкімі электр қуатын қалыпқа келтіріп, тұрғындарды тез арада жарықпен қамту бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берген. Тиісті басқармалар мен мекемелер халықты қосымша ақпараттармен хабардар етіп отыруы керек.
l
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті