Қарлы боранның салдарынан облыс аумағында 7 республикалық және 7 облыстық маңызы бар автожолдар жабық.
Облыстық полиция қызметкерлері автожолдарда тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда. Қазіргі таңда жолдарға 46 полиция жасағы жұмылдырылды.
Полиция құтқарушылармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп апаттық-құтқару жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Автожолдардың жабық учаскелерінде қар құрсауынан 8 автобус шығарылып, 151 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды және жақын жердегі жылыту пункттеріне жеткізілді. Патрульдік полиция қызметкерлері трассаларда 50-ден астам автокөлік құралдарын сүйемелдеуді жүргізді.
Полиция департаменті азаматтарды елді мекендерден тыс жерлерге бармауға шақырады.
Полиция департаменті азаматтарды қолайсыз ауа райы жағдайын ескеріп, елді мекендер аумағынан шықпауға шақырады.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті