📞 109 бірыңғай байланыс орталығының диспетчерлері қала мен облыс тұрғындарынан тәулік бойы өтінімдер қабылдауда. Және тұрғындар тарапынан түскен өтініштерді жауапты мамандарға жеткізіп жатыр.
⬇️ Ахуалдық орталыққа соңғы екі тәулікте 6000-нан астам қоңырау келіп түсті, жұмыс үшін ашылған What’s up нөмірге және инстаграм әлеуметтік желісінде өтініштер қабылданады.
✉️ Қазіргі уақытта келіп түскен өтініштердің 90%-ы жарықтың болмауына байланысты.
🔘 «Энергосистема» ЖШС ақпаратына сүйенсек, қалада ауа райының қолайсыздығы салдарынан туындаған мәселелерді жою үшін 15 бригада жұмыс істейді. Бұл әдеттегі уақыттағы бригадалардан үш есе көп.
📌 Ситуациялық орталық қаладағы жағдайды тез қалпына келтіру үшін күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Бұл жағдай — облыс әкімінің бақылауында.
🙌 Шыдамдылық пен түсіністік танытуды сұраймыз.
🚀 aqtobe_oblysy_akimdigi (https://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi)
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті