Қарлы боранның салдарынан облыс аумағында 7 республикалық және 7 облыстық маңызы бар автожолдар жабық.
Облыстық полиция қызметкерлері автожолдарда тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда. Қазіргі таңда жолдарға 46 полиция жасағы жұмылдырылды. Полицейлер қолайсыз ауа райы салдарынан жолда қалған жүргізушілерге жан-жақты көмек көрсетіп, қар құрсауында қалған автокөліктерді шығару, сүйемелдеу, жүргізушілер мен жолаушыларды жылыту пункттеріне жеткізу және басқа да қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз жұмыстар жүргізуде.
Полиция департаменті азаматтарды қолайсыз ауа райы жағдайын ескеріп, елді мекендер аумағынан шықпауға шақырады.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті