Қызылорда облысы республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автожолында Түркістан облысының шекарасынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі барлық учаскеде ауыр жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылды.
Ағымдағы сағатта 2900-ге жуық ауыр жүк және 17 жолаушылар көлігі жолдың ашылуын күтіп тұр.
Олардың барлығы дерлік ыстық тамақ және сусындармен қамтамасыз етілуде.
Жеңіл көліктерге шектеу жоқ, кешке дейін жүк көліктері үшін қойылған шектеу де алынады деп жоспарланып отыр. Осы мақсатта жолшылар 5-ші тәулік бойы күшейтілген режимде күндіз-түні жұмыс істеуде.
Облыс әкімдігі және полиция департаменті, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалдарының қызметкерлері жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Ал, облыс тұрғындары үшін көлік қозғалысына шектеу жоқ.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті