Облыс әкімі боранды күндері көмектескен барша ақтөбелікке алғыс айтты

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров бүгінгі аппараттық отырыстағы сөзін алғыс айтудан бастады.

Ол ауа райының қолайсыздығына қарамастан, өміріне қауіп төнсе де, күндіз-түні аянбай, өз қызметтерін адал атқарған азаматтарға ризашылығын білдірді.

«Өткен аптада облыста орын алған табиғи құбылысқа байланысты барша әріптестеріме белсенді жұмыс жасағаны үшін өз атымнан алғыс айтамын. Ең бастысы, бір үйдің баласындай ауызбіршілік таныттыңыздар. Төтенше жағдай және полиция департаменті, медицина саласының қызметкерлері, жылу мен суға жауапты мамандар, волонтерлер, кәсіпкерлер және барша ақтөбелікке тағы да рахметімді айта отырып, әр салалық органға белсенді болған қызметкерлерді марапаттауды тапсырамын. Еңбек әрқашан еленуі керек»,
— деп атап өтті Асхат Шахаров.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.