2024 жылғы қыркүйекте елде ойын бизнесі мен лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер күшіне енді. Заңнамаға халықтың құмар ойындарға тартылуын азайтуға бағытталған нормалары енгізілді.
Бұл шаралар мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамның сенімін арттыруға да бағытталған. Атап айтқанда, құмар ойындарға және бәс тігуге тыйым салынған тұлғалар тізімі кеңейтілді. Енді бұл шектеу мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде әскери қызметкерлерге, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ бюджеттік ұйым басшыларына қолданылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілер арасында лудоманияның таралуына жол бермеу үшін жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы шаралар аясында оқыту семинарлары, түсіндіру кездесулері, тақырыптық тренингтер және ақпараттық кампаниялар ұйымдастырылады. Ең алдымен, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі ойын мекемелерге барудан тартынуды міндеттейтін нормамен толықтырылды.
Сонымен қатар, 2024 жылғы шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға өзгерістер енгізіліп, жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу белгіленді. Енді мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға және бәс тігуге, оның ішінде ойын орындарына, рұқсат етілмеген орындарда, сондай-ақ интернет арқылы қатысуға тыйым салынады.
Осылайша, заңнамалық талаптар едәуір қатаңдатылды. Ойын мекемелерге бару тәртіптік жауапкершілікке әкелсе, құмар ойындарға қатысу мемлекеттік қызметшілерге қатысты жағымсыз салдарға алып келуі мүмкін.
Осы нормалардың сақталуын түсіндіру және тұрақты мониторинг жүргізу бұзушылықтардың алдын алу және белгіленген талаптарды жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.
Айбек Шілманов – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.
Тағы да
Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі арқылы орналасқан жас маманның пікірі
Мемлекеттік органдардағы мүдделер қақтығысы: неліктен оған жол берілмеу керек?
Адамға бағдарланған мемлекеттік қызмет