«Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу»

📍Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Актөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Шілманов пен ҚР Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Саида Садуақасова Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу» тақырыбында брифинг өткізді.

Брифинг барысында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу талаптары мен негізгі кезеңдері, сондай-ақ кадр резервінің салалық бағыттары туралы атап өтті.
✅Резервке алынған адамдар заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік саяси лауазымдарға, «А» және «Б» корпустарының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тікелей тағайындалуға мүмкіндік алады.
Іріктеуге:
✓ 35 жастан аспаған;
✓ жоғары білімді;
✓ мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген;
✓ жəне 5 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.