Департамент басшысы Айбек Шілманов «Aqtobe IT Hub» орталығында облыстың жастарымен кездесу өткізді

Департамент басшысы Айбек Шілманов «Aqtobe IT Hub» орталығында облыстың жастарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Президенттік жастар кадр резервінің кезеңдері мен талаптарын атап өтті. Сонымен қатар, білімді, еңбекқор, Отанға қызмет етуді өзіне парыз санайтын жастарды Президенттік жастар кадр резервіне қатысуға шақырды.

Кездесуге Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы штабы және «Жас рухы» Жастар қанаты филиалының, «Жас сақшы» еріктілер тобының, сондай-ақ, Қ.Жұбанов пен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе өңірлік университеттері мен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің өкілдері қатысты.
Қатысушылар тарапынан Президенттік жастар кадр резервіне қатысты сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

Естеріңізге сала кетейік, Президенттік жастар кадр резервіне алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) жасы 3️⃣5️⃣ жастан аспаған;
3) жоғары білімі болуы;
4)мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген;
5) 5️⃣ жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
✔️Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
2) агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
3) сыртқы саясат және инвестициялар;
4) экономикалық және қаржылық саясат;
5) цифрландыру;
6) әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.

🔔Қатысуға өтінімді
1️⃣-3️⃣0️⃣ маусым аралығында pkrezerv.gov.kz сайтында беруге болады.