«Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен интеграциялау қажеттілігі

Бүгін Департамент басшысы Айбек Шілманов қаржы, энергетика, көлік және коммуникациялар министрліктерінің аумақтық бөлімшелері басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында аталған мемлекеттік органдарда үстеме жұмыстарға тарту мәселесі бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері талқыланып, қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесін «Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен интеграциялау қажеттілігін айтты.


✅Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау, оның ішінде үстеме жұмысқа заңсыз тартуға жол бермеу мәселелерін атап өтті.