1 Қыркүйек — Білім күніне орай, Еріктілер кеңесінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді.
📚 Акция аясында мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардан шыққан және қамқорсыз қалған балаларға арнап мектеп рюкзактары, дәптер, қаламсап, күнделік пен кеңсе заттары сынды оқу құралдарын жинап, одан әрі таратып беру үшін «Анаға тағзым» орталығындағы қайырымдылық ұйымға тапсырды.

Іс-шараға Ақтөбе облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өңірлік департаменті, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық инспекциясының мемлекеттік қызметшілері белсенді қатысты.
✅ Шараға қолдау көрсеткен мемлекеттік органдарға алғыс білдіреміз!
#МектепкеЖол
#Қайырымдылық
#МемлекеттікҚызмет
#ЕріктілерКеңесі
#мемлекеттікқызмет
#госслужба
#МҚІА
#АДГС

Тағы да
Т.Нугуметов Алға ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді
«Мемлекеттік қызметте кемсітушіліктің алдын алу және қызметтік теңдік қағидатын бұзуға жол бермеу»
Жергілікті мемлекеттік органдардың кадр қызметкерлерімен семинар өткізілді