Ағымдағы жылдың 29 тамызында Департаментпен Ақтөбе облысы, қаласы және аудандық әкімдіктер, облыстық мәслихат аппараты, тексеру комиссиясының персоналды басқару бөлімдері қызметшілерінің қатысуымен семинар өткізілді.
🔸Аталған семинарда Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Г. Бисекешова «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне енгізілген өзгерістер және мемлекеттік қызметшілердің электрондық жеке істерін толтыру бойынша түсіндірме жүргізді.
🔸Сонымен қатар, Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Р.Мажитов Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, мемлекеттік органдардағы тәртіптік тәжірибесі, мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бойынша ақпараттарды жеткізді.
🔸Семинар барысында Департамент тарапынан қойылған сауалдарға түсініктемелер беріліп, қатысушылармен пікір алмасу өткізілді.
#мемлекеттікқызмет
#госслужба
#МҚІА
#АДГС
Тағы да
Департамент басшысы Айбек Шілмановтың төрағалығымен жиналыс өтті
Ақтөбе облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының Процессинг орталығында семинар өткізілді
Ақтөбе облысы полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасында семинар өткізілді