Ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде Департаменттің басқарма басшысы Г.Бисекешева, бас маманы Н. Досекешов Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.

Аталған кездесуде Департаменттің басқарма басшысы Г. Бисекешева «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне, конкурстық іріктеуге енгізілген өзгерістер және мемлекеттік қызметшілердің электрондық жеке істерін толтыру бойынша түсіндірме жүргізді.
🔸Сонымен қатар, Департаменттің бас маманы Н.Досекешов Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, мемлекеттік органдардағы тәртіптік тәжірибесі, мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бойынша ақпараттарды жеткізді.
🔶Кездесу барысында қойылған сауалдарға түсініктемелер беріліп, пікір алмасу өткізілді.
#мемлекеттікқызмет
#госслужба
#МҚІА
#АДГС

Тағы да
«ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР» МЕКТЕБІНІҢ ОҚЫТУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Жергілікті мемлекеттік органдардың аппарат басшылары және кадр қызметкерлерімен семинар өткізілді
Шетелдік азаматтың құқықтары қорғалды