Департамент қызметшілері Байғанин ауданы ауылдық округ әкімдерімен семинар өткізді

Департамент қызметшілері Байғанин ауданы ауылдық округ әкімдерімен семинар өткізді.

🔸 Семинар барысында халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы, қызмет көрсету барысында нормативтік құқықтық актілердің тек жаңа нұсқаларын пайдалануы жөнінде түсіндіріліп, қазіргі кезде жиі жол берілетін бұзушылықтар бойынша нақты мысалдар келтіру арқылы бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған шараларды қабылдау қажеттігі туралы талқыланды.

🔸Сонымен қатар Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, мемлекеттік органдардағы тәртіптік тәжірибесі, мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бойынша ақпараттар берілді.

🔶Кездесу барысында қойылған сауалдарға түсініктемелер беріліп, пікір алмасу өткізілді.