Гүлмира Бисекешева «Рика-ТВ» телеарнасының «Жаңа таң» бағдарламасында сұхбат берді

Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Гүлмира Бисекешева «Рика-ТВ» телеарнасының «Жаңа таң» бағдарламасында сұхбат берді.
🔹Сұхбат барысында мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа форматы,оның ерекшеліктері туралы айтылды.
📍Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы өңіред мемлекеттік қызметте бұрын болмаған онлайн іріктеу-жүйесі іске қосылған болатын.
📌Жаңа формат үміткерлерге алдын ала белгіленген уақытта өтетін әңгімелесуден басқа, барлық кезеңдерде, кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. Үміткерлер өз деректерін бұрынғыдай қағаз түрінде тапсырмайды, мемлекеттік органдармен жасалған интеграция арқасында деректер автоматты түрде тартылады.
📌Тестілеу жүргізілетін нормативтік-құқықтық актілердің саны екі есеге – яғни 9-дан 4-ке дейін қысқартылды. Сондай-ақ қазір үміткер сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кезеңдерінен өтеді.