Департаменттің бас мамандары Г.Сисенбина мен А.Токбасова Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.
🔶 Кездесу барысында мемлекеттік қызметке кір келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеу және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау қажеттігі, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бойынша атқарылған жұмыстар айтылды.
🔶Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мүдделер қақтығысын болғызбау және жемқорлық үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
🔶 Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің тарапынан қойылған сұрақтарына жауап берілді.
#мемлекеттікқызмет
#госслужба
#АДГС
#мкіа

Тағы да
Т.Нугуметов Алға ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді
«Мемлекеттік қызметте кемсітушіліктің алдын алу және қызметтік теңдік қағидатын бұзуға жол бермеу»
Жергілікті мемлекеттік органдардың кадр қызметкерлерімен семинар өткізілді