Департаменттің бас мамандары Мадина Султанова және Ердәулет Айтмағамбет (жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің түлегі) «Рика» телеарнасының «Жаңа таң» бағдарламасында сұхбат берді.
🎥 Сұхбат барысында мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа форматы,оның ерекшеліктері туралы айтылды.
✅Жаңа формат үміткерлерге алдын ала белгіленген уақытта өтетін әңгімелесуден басқа, барлық кезеңдерде, кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. Үміткерлер өз деректерін бұрынғыдай қағаз түрінде тапсырмайды, мемлекеттік органдармен жасалған интеграция арқасында деректер автоматты түрде тартылады.
✅Сонымен қатар, іріктеу кезеңдерінен өту кезінде дербес деректерді құпияландыру, анонимділікті қамтамасыз ету мақсатында үміткерлер ID-нөмірленеді және тәуелсіз прокторинг жүйесі қамтамасыз етіледі.
Конкурс жеңімпазы барлық кезең қорытындысы бойынша ақпараттық жүйемен дербес айқындалады.
✅Сондай-ақ, сұхбат барысында жаңа іріктеу жүйесімен жұмысқа орналасқан Ердәулет Айтмағамбет өз пікірін білдірді.

Тағы да
Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті
Мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді
Т.Нугуметов Алға ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді