Жастарды мемлекеттік қызметке тарту

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы А. Шілманов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің “Экономика”, “Мемлекеттік және жергілікті басқару”, “Есеп және аудит”, “Менеджмент”, “Қаржы”, “Құқықтану” мамандықтарының 1-4 курсының білім алушыларына «Ақтөбе облысының мемлекеттік органдарының жүйесі» тақырыбында қонақ-дәріс өткізді.
🔹 Дәрістің мақсаты- белсенді және болашағын осы саламен ұштастырғысы келетін жастарды мемлекеттік қызметке тарту.
🔹 Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін және оған кіру тәртібін, мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған үздік түлектерге (GPA 3.33 төмен емес) аудан және ауылдық округтердегі төменгі лауазымдарға тікелей тағайындалудың тетігі және “Жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне” түсу жолдары туралы айтылды.
🔹Сонымен қатар, білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мысал келтіре отырып, нақты жауаптар берілді.
⚜️ Сонымен бірге , “Жас мемлекеттік қызметшілер” мектебінің 2025 жылғы түлектері Д.Серікбаев, Е. Айтмағамбет болашақ мамандарға мемлекеттік қызметке түсу мүмкіндіктері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

⚜️Кездесудің соңында, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің экономика және құқық факультетінің деканы Б.Тасқарина және декан орынбасары С.Келбетова Департамент басшысының алғыс хатымен марапатталды.