Жас мемлекеттік қызметшілер «Мемлекеттік қызмет ардагері» төс белгісінің иегерлерімен кездесті

Жас мемлекеттік қызметшілер «Мемлекеттік қызмет ардагері» төс белгісінің иегерлерімен кездесті.

⚜️Кездесу барысында «Адал азамат — Абыройлы қызмет» идеалдары туралы сөз қозғалып, үлгілі мемлекеттік қызметші «Адал азамат» ретінде – әділ, ашық, адал, жауапкершілікті, тәртіпті, кәсіби, моральдық-адамгершілік тұрғысынан орнықты болу сынды қасиеттерге ие тұлға болу керектігі туралы айтылды.

⚜️Мемлекеттік қызметте 30 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бас инспекторы Базаркүл Сейткерімқызы және Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Елена Сергеевна өздерінің еңбек жолымен бөлісіп, жастарға ақыл кеңестерін берді.