2025 жылдың 1–31 желтоқсан аралығында жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Жақсылыққа жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді.
📚 Акция аясында мемлекеттік қызметшілер тәттілер жинағы, жұмсақ ойыншықтар, дамытушы ойындар, жылы киімдер, кітаптар, мектеп дәптер, қаламсап пен кеңсе заттары сынды оқу құралдарын жинап, одан әрі көп балалы анаға табысталған болатын.
📌Іс-шараға Көліктегі санитарлық эпидемиологиялық бақылаудың бөлімшелік басқармасы,Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық инспекциясының, Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы және Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік қызметшілері белсенді қатысты.
✅ Шараға қолдау көрсеткен мемлекеттік органдарға алғыс білдіреміз!
#Қайырымдылық
#МемлекеттікҚызмет
#ЕріктілерКеңесі
#мемлекеттікқызмет
#госслужба
#МҚІА
#АДГС

Тағы да
Мәртөк ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен семинар өткізілді
Департаментпен Қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді
«Жақсылыққа жол» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда