Ауыл әкімдерімен кездесу

Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Гүлмира Бисекешева ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалының арнайы курс тыңдаушылары — ауыл әкімдерімен кездесті.

🔹Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласында орын алған өзгерістер, оның ішінде ауылдық жерлерге жастарды тарту бойынша іске қосылған тетіктер туралы айтылды.

🔹Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң жобасында қарастырылған басты бағыттар туралы сөз болды.

🔹Өз кезегінде әкімдер тарапынан мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты ұсыныстар берілді.