«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің кеңейтілген көшпелі отырысында әлеуметтік әріптестік жылына арналған «Күш — бірлікте» республикалық байқау-конкурсының қорытындысы шығарылды.
Аталған байқауда «Ақтөбе Медиа» ЖШС кәсіподағы ақпарат саласындағы «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» номинациясын иеленді.
Байқау «Үздік филиал», «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» және «Үздік әлеуметтік серіктес» номинациялары бойынша өтті. 1-кезең филиалдардың бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында 1 мамыр мен 30 маусым аралығында өңірлік деңгейде, 2-кезең 1-31 шілдеде салалық деңгейде ұйымдастырылды.
Қорытынды шығару кезінде атқарылған жұмыс туралы имидждік роликтер ғана емес, ерекше жетістіктер мен өткізілген іс-шараларды БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялау, кәсіподақ органдары алдындағы жарғылық міндеттемелерді орындау жұмыстары да ескерілді.
Белсенді филиалдар мен олардың бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында Нұр-сұлтан мен Алматы қалалары, сондай-ақ Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары ерекше көзге түсті. Соның ішінде мәдениет саласындағы «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» номинациясы бойынша аудандық деңгейде Мәртөк аудандық орталық кітапханасы үздік деп танылды. Ал ақпарат саласындағы «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» номинациясына «Ақтөбе Медиа» ЖШС кәсіподағы ие болды.
Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар, сондай-ақ салалық кәсіподақ пен ҚР Кәсіподақтар федерациясының наградалары тапсырылатын болады.
А.БОЛАТБЕК
Тағы да
Алматылық көлік жүргізуші өңір басшысымен бірге жолдағы жағдайды бағамдады
ҒАСЫРЛЫҚ ТОЙ ЖӘНЕ БАСПАНА
Ғасырлық той және баспана мәселесі