Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы облыстық филиалында жылдың қорытынды есебі өтті.
Шара барысында үздік кәсіподақ ұжымдары анықталды. «Ақтөбе Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және Мәртөк аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі республикалық деңгейдегі «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» атанды.
Жиынға бастауыш кәсіподақ ұйым мүшелері, яғни ақпарат саласының қызметкерлері, аудандық Мәдениет үйлері мен кітапханалар қызметкерлері, спорт мектептері қатысты.
— Қазіргі таңда облыстық кәсіподақтар орталығының жұмысы қарқынды жүргізіліп келеді. Оң көрсеткіштердің арқасында өңірдегі орталық республика бойынша «үздік бестікке» енді, — деді қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағының қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Нәзира Табылдинова.
Шара соңында кәсіподақтардың жетістіктері қорытындыланып, үздік бастауыш ұйымдар марапатталды. Нәтижесінде Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының, Мұғалжар аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің, Ырғыз аудандық балалар спорт мектебінің кәсіподақ ұйымдары облыс деңгейіндегі «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» атанды.
Ақмарал МҰҚАШЕВА
Тағы да
Алматылық көлік жүргізуші өңір басшысымен бірге жолдағы жағдайды бағамдады
ҒАСЫРЛЫҚ ТОЙ ЖӘНЕ БАСПАНА
Ғасырлық той және баспана мәселесі