Жылдағы дәстүр бойынша көктемнің мерекесі облыстық газеттер редакциясында биыл да аталып өтілді. Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» қоғамдық-саяси газеттері мен «Үштаған» журналының басын қосатын «Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымындағы қыз-келіншектерді мекеме басшылығы, ұжымдағы жігіттер құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
— Біздің ұжымда қыз-келіншектердің үлесі көп. Уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген әріптестеріміздің жұмысын жоғары бағалаймыз. Сіздер ешқашан қиындыққа мойымай, бар жауапкершілікті ерлермен бірге көтеріп келесіздер. Кешегі пандемияның кезінде де біздің газет-журналдарымыз еш кідіріссіз шығып, оқырманға дер кезінде ақпарат жеткізіп тұрды. Осының барлығы — ұжымның татулығының арқасы. Осындай шуақты мереке қарсаңында отбасы мен қызметті қатар алып жүрген әріптестерімізге ырыс, ынтымақ, береке тілеймін, — деді «АқтөбеМедиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин.
Өз тілшіміз
Тағы да
Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі қызметі тақырыбында тікелей эфир өткізілді
Темір ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді
Қобда ауданы мәслихатының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді