Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты – бабалар аманаты» экспедициясы басталды

Бүгін Ақтөбеде «Ауыл аманаты-бабалар аманаты» ақпараттық – насихат экспедициясы аудандарға жол тартты. Іс-шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысты.

«Ақтөбе Медиа» ЖШС бастамасымен құрылған экспедиция құрамына «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» облыстық қоғамдық-саяси газеттерінің журналистері мен редакция мамандары, еңбек ардагерлері мен қоғам қайраткерлері, «Aqtóbe» телеарнасы мен «Ақтөбе» ӘКК қызметкерлері, ауыл шаруашылығы басқармасының, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары кірді.

Экспедицияның негізгі мақсаты – «Ауыл аманаты» жобасы бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту.

????«Ауыл аманаты» бірінші кезекте ауылды сақтауға және дамытуға, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Соңғы үш жылда ауылдардан 17 мың адам қалаға көшіп кеткен. Егер бұл үрдіс жалғаса берсе, біздің ауылдарда кім қалады? Сондықтан «Ауыл аманаты» жобасын дәріптеуге қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамын. Жоба ауылдың өндірісін ғана дамытып қоймай, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Бірақ бұл да жеткіліксіз, біз ауылдық аумақтарды инфрақұрылымдық дамыту бойынша жұмыс істеуіміз керек. Ағымдағы жылы облыс бойынша 800 шақырымнан астам автожол жөнделеді. Соның ішінде, аудандарда ауқымды жұмыстар атқарылады», – деді өңір басшысы.

Ералы Тоғжанов жоба өзінің тиімділігін дәлелдеп, екі ауылдық округте оның басталуымен жұмыссыздық жойылғанын атап өтті. 60 отбасы қаладан ауылға қоныс аударды, құс, көкөніс өсіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жүздеген жобалар іске асырылды.

????«1000-нан астам адамды қамтыған 289 отбасыға тауарлық несие беру аясында шаруа қожалықтары 4 мыңға жуық мал берді. Тауарлық несиелеуге қатысатын барлық шаруа қожалықтарының басшыларына алғыс айтамын. Экспедиция ұйымдастырғаныңызға рахмет. Бұл бастама біздің жетілген, саналы қоғамда өмір сүріп жатқанымызды және сіздер халықтың тағдыры үшін жаны ашитын азаматтардың қатарынан екендігін көрсетеді», – деп облыс әкімі қатысушыларға ақ жол тіледі.

Өз кезегінде «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин өңір басшысына ерекше көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді.

????«Мен облысымызда «Ауыл аманаты» жобасы белсенді түрде іске асырылып жатқанына шын жүректен қуаныштымын, өйткені бұл бүгінгі күні өте маңызды және қажет жобалардың бірі. Экспедиция мүшелері жобаның тиімділігі туралы ақпаратты азаматтарға барынша жеткізеді, қатысушы бола отырып, өз отбасыларының қаржылық әл – ауқатын қамтамасыз ете алатынын түсіндіру үшін бар күш-жігерін салатынына сенімдімін», – деді Раукен Отыншин.

Айта кетейік, экспедицияға қатысушылар құрамында Раукен Отыншинде бар. Өңір басшысы Ералы Тоғжанов оған «Ауыл аманаты» байрағын табыс етті.

Жалпы, экспедиция бағыты облыстың барлық 12 ауданының ауылдық округтерін қамтиды. Бүгін экспедиция қатысушылары Хромтау ауданына бет алды.

Д.АЙДАР