«Ауыл аманаты — бабалар аманаты» экспедициясы Мұғалжарға барды

«Ақтөбе Медиа» ЖШС бастамасымен құрылған экспедиция Мұғалжар ауданын аралады.

Экспедиция құрамында облыстық қоғамдық-саяси «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің журналистері, мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері «Ақтөбе» ӘКК қызметкерлері, ауыл шаруашылығы басқармасының, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары бар.  Мақсат — «Ауыл аманаты» жобасы бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту.

Экспедиция ауданға қарасты ауыл-аймақтарды аралап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ аталған бағдарлама бойынша несие алып, кәсіп бастаған азаматтармен сөйлесіп, олардың шаруашылықтарын көрді.Тұрғындар тарапынан да түрлі сұрақтар болды. Мамандар әрбір тұрғынға бағдарламаның тиімді тұстарын және құжат, кепіл мәселелері бойынша мұқият түсіндірді.

Сапар барысында «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин кәсіп иелеріне облыс әкімі Ералы Тоғжановтың Алғыс хатын тапсырды. Сондай-ақ серіктестік атынан да тұрғындарды марапаттады.

Мұғалжар ауданы бойынша толық ақпаратты газеттің алдағы санынан оқисыздар.

Кәмшат ҚОПАЕВА