Темір ауданында Досжан Хазірет Қашақұлының мемориалды кешені ашылды

Толықтай жаңарудан өткен кешеннің ашылуына республикамыздың әр түкпірінен тарих ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, дін ғалымдары мен Досжан ишанның кіндігінен тараған ұрпақтары жиналды.

Шара аясында  «Аманат» қойылымының көрсетілімі, «Досжан ишан — Қазақстанның ХІХ ғасырдағы көрнекті діни қайраткері және рухани ағартушысы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Кешенге экскурсия жүргізіліп, Досжан ишан мемориалдық кешеніндегі барельефтің
ашылу салтанаты өтті.

Баба рухына құран оқытылып, ақшаңқан киіз үйлерде көпшілікке  ас берілді.

Айтып өтерлігі, қазіргі таңда Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен кешенге археологиялық қазба жұмыстары, сақталған құрылыстарды уақытша консервациялау, қонақ қабылдау және музей үйінің құрылысы, кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтіру мен туристік орталыққа айналдыру жұмыстары қолға алынып отыр.\

А.МӘЛІКҚЫЗЫ