Мемлекет басшысының тұтас экономикалық жүйені шұғыл түрде түбегейлі қайта қарап, өзгерту арқылы елімізді өркендетеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз деген тұжырымы бүгінгі күні жұртшылықтың оң назарында.
Президент Жолдауы еңбек ұжымдарында қызу талқыланып жатыр. «Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымында дабұл мәселеге ден қойылды.
Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің журналистері Жолдау жарияланған соң бірден ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына кірісті, басылымдарда тұрақты айдармен стратегиялық құжаттың негізгі бағыттары бойынша өз пікірін айтқысы келетін сарапшыларға, ғалымдарға, облыс тұрғындарына сөз берілуде.
Медиахолдинг директоры Раукен Отыншин атап көрсеткендей, Президент біздің мемлекетіміздің экономикалық дамуының түйінді бағыттарын дәстүрлі түрде белгілеп берді, Жолдауда нақты міндеттер айтылып, мәселелерді шешудің ұтымды жолдары ұсынылды.
Amanat партиясынан облыстық мәслихаттың депутаты, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директорының орынбасары Айгүл Нұркееваның айтуынша, елімізде табысты жүргізілген саяси реформалардан кейін экономикалық реформалар кезегі келді.
—Мемлекет басшысы өз Жолдауында бастауында абстрактылы қайта құрылымдар емес, әр адамның өміріне нақты өзгерістер әкелетін жаңа экономикалық модельгекөшуіміз керектігін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев бағдарламалық құжатта: «Қазіргі ең басты міндет — еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету» деп бүгінгі күннің өзекті мәселесін алға тартты.
Мемлекеттік органдардың үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі үшін мемлекеттік басқару жүйесін реформалау, стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жүйесін оңтайландыру, барлық инфрақұрылымдарды жаңғырту мәселелері күн тәртібінде тұр.
Сондай-ақ біздің күнделікті тіршілігіміз үшін маңызды саналатын жарық, жылу, су, газ, жолдар, энергия мен су ресурстарын ұқыпты басқару жайы да айтылды.
Су жетіспеушілігі проблемасы қозғалып, Қазақстанда атом электр станциясының салынуына қатысты маңызды мәселенің жауабы берілді, — деді ол.
Облыстық мәслихатдепутаты жергілікті атқарушы билік деңгейінде шешімдер қабылдауда азаматтардың тікелей қатысуын бірізділікпен кеңейтудің маңыздылығына да назар аударды.
—Президент өз Жолдауында енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлап көру қажеттігін айтты. Облыстық мәслихаттың бесінші сессиясында депутаттар корпусы пилоттық аймақтар ретінде Ырғыз, Қобда және Ойыл аудандарының әкімдері лауазымына сайлау өткізу туралы шешімді бекітті.
Биыл 5 қарашадааталған аудандардың тұрғындары Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет өз әкімдерін сайлайды. Бұл саяси жүйені нығайтуға, шешімдер қабылдау процесінде азаматтардың ықпалын күшейту үшін жаңа серпін береді, —деді Айгүл Нұркеева.
Кездесуге қатысқан облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің және «Үш таған» журналының журналистері стратегиялық құжаттың негізгі бағыттары бойынша өзара пікір алысты.
Баспасөз өкілдері мемлекеттің одан әрі дамуы мен азаматтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының артуы осы Жолдауда айтылған мақсат-міндеттердің қалай жүзеге асатындығына қатысты екенін атап көрсетті.
Марина НҰРАЛОВА.
Тағы да
Алматылық көлік жүргізуші өңір басшысымен бірге жолдағы жағдайды бағамдады
ҒАСЫРЛЫҚ ТОЙ ЖӘНЕ БАСПАНА
Ғасырлық той және баспана мәселесі