Digital дәуірі: бақ ізденістері мен ұмтылыстары

Кездесу

«Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымы мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларының кездесуінде облыстық қоғамдық-саяси «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің, «Үш таған» журналының өңірдегі мемлекеттік қызметкерлердің ортақ мақсаттары әңгіме өзегіне айналды.

Жаңалыққа жаны құштар, уақыт ағымымен бірге жүруді қалайтын әрбір адамның күнделікті өмірін газет-журналдарсыз, телерадио хабарларынсыз, тіпті әлеуметтік желілерсіз елестете алмайтыны белгілі.

Бұл ретте дәстүрлі БАҚ-қа өзінің жетекшілік ұстанымын нығайту үшін жаңа толқынмен бәсекеге түсуіне тура келеді. Мемлекеттік ақпараттық саясатты өмірге енгізуге өз қызметін негіздеген басылымдар кәсіби шеберлік пен ақиқат жаңалықтарды жеткізуді алғы орынға қояды.

«Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасыРаукен Отыншин атап көрсеткендей, бүгінгі күні облыстық БАҚ пен мемлекеттік қызметкерлердің мақсаты біреу, ол — өңір игілігіне қызмет ету.

—Біз облыстық газеттердің беттерінде мемлекеттік бағдарламалар туралы оқырмандарымызды ұдайы хабардар етіп отырамыз. Мысалы, биылғы жазда «Ақтөбе Медиа» ЖШС «Ауыл аманаты — бабалар аманаты» атты экспедиция ұйымдастырды. Экспедиция мүшелері сегіз мың шақырымдай жер жүріп, облыстың он екі ауданында болды, елудей елді мекенді аралады. Біз«Ауыл аманаты» жобасының тиімділігін әрбір ауыл адамына жеткізуге жұмыс жасадық, өйткені еліміздің Президенті айтқандай, ауылды дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау мейлінше маңызды және бағдарлама өз қажеттілігін көрсетті. Бұл біз жүргізіп отырған ауқымды жұмыстардың бір бөлегі ғана, —деп өз ойымен бөлісті медиахолдинг директоры.

Бір атап айтар жай, академиядағы курстың тыңдаушысы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Бағдат Қожамұрат аталған экспедиция құрамында болды, оның ел ішіндегі қғынықты әрі ықпалды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары «Ақтөбе Медиа» ЖШС басшылығы тарапынан лайықты бағаланды. Кездесу барысында ол Алғыс хатпен марапатталды.

Amanat партиясынан облыстық мәслихаттың депутаты, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директорының орынбасары Айгүл НұркееваПрезиденттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауының негізгі бағыттарына тоқталды.

—Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауқымды саяси қайта құрылымдардан кейін Қазақстанның экономикасының өсуі мен қазақстандықтардың әл-ауқаты көтерілуін қамтамасыз ететін құрылымдық экономикалық реформаларға көшетінін атап көрсетті. Жолдауда көрсетілген шаралардың бірқатарыAmanat партиясының сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқанын да айта кеткім келеді.Мәселен, «Жер аманаты» жобасы аясында5 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтаралып, фермерлер арасында қайта бөлінді. Іске қосылған «Ауыл аманаты» жобасы ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жұртшылық күткен бағдарламаның біріне айналды, мұнда өз ісін ашу үшін талапкерлерге 2,5 пайызбен жеңілдік несиелер беріледі. Сондай-ақ Мемлекет басшысы тұрғындардың қаржылық сауаттылығын көтеретін «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасын қолдады. ЕндіAmanat партиясы Үкіметпен бірге бүкіл еліміз бойынша оның кең ауқымда өрістеуін қолға алатын болады, —деп атап көрсетті Айгүл Нұркеева.

— Бүгінгі кездесудің көптеген қатысушылары облыстық газеттердің беттерінде спикер ретінде өте жиі көрініп жүр. Мемлекеттік ақпараттық саясаттың маңыздылығы мен құндылығын сіздерден артық ешкім түсінбейді деп ойлаймын. Сіздердің алдағы уақытта да біздің газеттеріміздің тұрақты оқырманы болып қала беретіндеріңізге сенімдімін, — деді жиында бас қосқандарды баспасөзге жазылу науқанының белсенді қозғаушы күші болуға шақырған «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Сәтжан Дәрібай.

Өз кезегінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Бағдат Қожамұрат және Байғанин аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Айнаш Әділханова өздерінің облыстық газеттердің тұрақты оқырманы екенін айта келіп, бұл басылымдарда жұртшылықты мазалаған негізгі тақырыптар кеңінен ашылатындығын атап көрсетті.

—Облыстық газеттерде экономикалық, саяси және ауыл шаруашылығы тақырыптары өте нақтылы беріледі, сарапшылардың пікірлері әрдайым қызғылықты. Бір сөзбен айтқанда, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттері өңірдің жетекші әрі беделді, бір жағынан оқылымды басылымдары, — депөз ойымен бөлісті Бағдат Қожамұрат.

Мемлекеттік басқару академиясы облыстық филиалының тыңдаушыларымен мұндай кездесулер дәстүрге айналып келе жатқанын атап өтуіміз керек.

Марина НҰРАЛОВА.